"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі"

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі"

Ұлан ауданы Төтенше жағдай бөлімі және полициясы бөлімімімен бірлесіп Қасым Қайсенов кентінде 'Пиротехника"  жедел алдын алу іс-шараларын  жұмыстар өткізуде. Рейд барысында 6 дүкен аралап, үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Пиротехникалық өнімдерді лицензиясыз сату орындар анықталмаған.

Пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

  • Сатып алу кезінде пиротехникалық бұйымдарды лицензиясы бар мамандандырылған дүкендерде ғана сатып алу керек.
  • Сатып алудан бұрын, қаптаманың толық екеніне көз жеткізіңіз, жарамдылық мерзімі таусылмаған. Нұсқаулықпен танысыңыз.
  • Фейерверктерді көшеде, қауіпсіз жерде ересектердің қарауымен іске қосуға рұқсат етіледі, сіз жанғыш заттар мен үйлерден алыс екеніңізге көз жеткізіңіз.
  • Петардаларды қолға ұстап іске қосуға қатаң тыйым салынады,
  • білтені жағар кезде кезде пиротехникалық бұйымға үңіліп қарамаңыз. Үй-жайларда, пәтерлердің балкондары мен терезелерінен отшашуды іске қосуға қатаң тыйым салынады!

 

Ұлан ауданы ТЖБ