ШЫҒЫС САЛБҰРЫНЫ – 2026»: ФЕСТИВАЛЬДІҢ ФИНАЛДЫҚ КҮНІ

ШЫҒЫС САЛБҰРЫНЫ – 2026»: ФЕСТИВАЛЬДІҢ ФИНАЛДЫҚ КҮНІ

Ұлттық өнерді ұлықтап, саятшылық дәстүрін дәріптеген «Шығыс Салбұрыны – 2026» I Азия кубогі фестивалі мәресіне жетуде.
Фестивальдің соңғы күні – қатысушылар үшін шешуші кезең. Финалдық сайыстарда құсбегілер өздерінің шеберлігін, тәжірибесін және қыран құстарды баптаудағы ерекше қабілеттерін көрсетіп, үздіктер анықталуда.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қатысушылардың жігері мұқалмай, көрермендер ұлттық спорттың тартысты сәттеріне куә болуда. Қырандардың көкке самғауы мен құсбегілердің ептілігі халқымыздың бай мұрасы мен дәстүр сабақтастығын айшықтай түсті.
«Шығыс Салбұрыны» – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықаралық деңгейде қазақтың саятшылық өнерін танытатын маңызды мәдени шара.
Фестивальдің финалдық кезеңінде бақ сынаған барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Үздіктер жеңіс тұғырынан көрініп, ұлттық өнеріміздің абыройы асқақтай берсін!