Шығыс Салбурыны-2026» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті

Шығыс Салбурыны-2026» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында дәстүрлі аңшылық өнердің абыройын асқақтатқан «Шығыс Салбурын-2026» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бүркіт төбенің баурайында ұйымдастырылған ауқымды шараға он елдің саятшылары жиналды. Биыл VI рет өткізіліп отырған мерейтойлық фестивальдің Азия кубогі мәртебесіне ие болуы – ұлттық құсбегілік өнерінің халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көрсетеді.
Фестивальге Қазақстан, Ресей, Венгрия, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген құсбегілер қатысуда. Қатысушылар бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгі баптаудағы шеберліктерін ортаға салып, ұлттық өнердің озық үлгілерін көрсетуде.
«Шығыс Салбурын» фестивалі – ата-бабадан аманат болып жеткен құсбегілік дәстүрді дәріптейтін, ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде танытатын маңызды шара. Сонымен қатар фестиваль өңірдің туристік әлеуетін арттырып, отандық және шетелдік қонақтардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта қатысушылар арасында тартысты жарыстар өтіп, жеңімпаздар анықталады. Фестиваль аясында көрермендерге мерекелік концерттік бағдарлама да ұсынылады.