«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция өтеді

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция өтеді

Ұлан ауданының аумағында 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейінгі кезеңде «Бақытты отбасы – бақытты мемлекет» атты ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты  болдырмау және оны ескерту,  көрсетілген мәселеге қоғамның назарын аудару. Акция аясында жеке кеңестер өткізу арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына білікті заңды және психологиялық көмек көрсетіледі, онлайн семинар және әртүрлі акциялар өткізіледі.

102 «жедел желі» телефоны тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша тәулік бойы істейді.

25 қараша күні «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еріктілері акция аясында тұрғындар арасында зорлық-зомбылықтан қорғану үшін не білу қажеттілігі туралы парақшалар таратты.

Ішкі саясат бөлімі