Мобильді топ

Мобильді топ

Ұлан ауданында коронавирустық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылау мақсатында мобильді топтар өз жұмыстарын жалғастыруда. Ауданда 7 мобильді топ жұмыс істейді. Мобильді топтың негізгі мақсаты-СOVID-19 індетінің таралуын болдырмау бойынша санитарлық нормалардың сақталуын түсіндіру және тексеру.

Ауданда осы топтардың күшімен сауда объектілеріне, дүкендерге, дәріханалар мен қоғамдық көліктерге мониторинг бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 23.11.2020 жылға 44 рейд өткізілді, онда ауданның 400-ге жуық сауда объектілері қамтылды, оның ішінде 44 санитарлық режимді бұзушылық анықталды. 33 нысанға айыппұл салынды, бүгінгі күні жалпы сомасы 1 125 млн. теңгеге 27 айыппұл төленді. Карантин режимін бұзғандарды анықтау бойынша мониторинг тек сауда нүктелеріне ғана жүргізіліп қоймай, сондай-ақ Өскемен-Қасым Қайсенов кенті және Өскемен-Герасимовка ауылы маршруты бойынша қоғамдық көлікке мониторинг жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі