Мобильдік топ

Мобильдік топ

Коронавирустық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтауын бақылау мақсатында Ұлан ауданында мобильдік топ құрылды. Оның құрамына СЭС қызметкерлері, қоғамдық қызметкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері кірді. Топ мүшелері Өскемен қаласы-Қасым Қайсенов кент арасында жүретін автобусты тексерді. Тексеру барысында бетпердесіз жүрген жолаушыларға ескерту жасалды.

Бақылау топтарының негізгі мақсаты СOVID-19 індетінің таралуынын алдын- алу болып табылады. Бақылау топтарының барлық мүшелері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қадағалайды. Осы топ  өз жұмысын ары қарай жалғастырады.