«Бетперде тағыңыз!»

«Бетперде тағыңыз!»

Ұлан ауданында коронавирустық инфекция COVID-19 таралуына жол бермеудің  алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде. Қасым Қайсенов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның медбикесі Қарлығаш Батырбековна Қалибекова аудан тұрғындарына инфекцияны жұқтырмау  үшін қандай әрекет ету туралы ақпарат берді. Инфекциямен күресу туралы ақпараттар akimat_ulan атты инстаграмм, ulan news атты фейсбук парақшаларына күнделікті орналастырылуда.

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі