Кәсіпкерлердің назарына!

Кәсіпкерлердің назарына!

Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылдың 26-шы желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды бару арқылы жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына байланысты Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жататын объектілерге өрт қауіпсіздігі бойынша тексерулер жүргізу мүмкін емес екендігін хабарлайды.Өрт фактілерінің алдын-алу және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, жеке кәсіпкерлерден Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылдың 9-шы қазандағы №1077 «Өрт қауіпсіздігі қағидалары» ережелерінің сақталуына аса көңіл бөлулеріңізді сұраймыз, соның ішінде:

2-7. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам:

       1) осы Қағидалардың талаптарының орындалуын;

       2) шарт бойынша графикке және күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауды және қабылдауды;

       3) уақтылы техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізуді ұйымдастыру жолымен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жұмысқа қабілетті күйде ұстауды;

2-20. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) кез келген қабатта бір мезгілде 10 немесе одан астам адам болған жағдайда, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды жүргізу, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұйым жұмыскерлерінің іс-қимыл жасау тәртібін қамтитын, өрт шығу кезінде адамдарды эвакуациялау жоспары әзірленеді және ғимараттың әр қабатында, қабаттан эвакуациялық шығу жолдарында дәліздің ұзындығы бойымен 20 м сайын, одан аспайтын қашықтықта ілінеді.

2-24. Белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасыз ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатын өзгертуге, оларға күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтау, реконструкциялау және қайта жоспарлау жүргізуге жол берілмейді.

2-25. Ғимараттар мен үй-жайларды жалға алған кезде жалдаушылар, егер жалға алу шартында өзгеше айтылмаса, осы Қағидалардың ғимараттардың осы типіне арналған талаптарын орындайды.

2-27. Ғимараттар мен құрылыстар олардың пайдаланылу циклінің барлық кезеңдерінде өртке қарсы қызметті шақыру үшін байланыс құралдарымен, жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Объектілерді бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары осы Қағидаларға 1-6-қосымшада келтірілген.

Бастапқы өрт сөндіру құралдарын, байланыс құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін орналастыру орындары көрсетілген құралдарды көзбен көру қиындық келтірсе, тиісті өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

2-30. Конструкциялар мен олардың әрленуінің қажетті отқа төзімділігін қамтамасыз ету және өрт қауіптілігін төмендету үшін оттан қорғау құралдарын қолдануға жол беріледі.

Отқа төзімділіктің барлық дәрежесіндегі ғимараттарда (отқа төзімділіктің V дәрежесін қоспағанда) шатыр жабындарының тіреуіші мен жанғыш материалдардан жасалған қоршауы оттан қорғағышпен өңделуі тиіс.

Оттан қорғау құрамдарын (сіңіргіштерін) жағу жұмыстарын жүргізу оттан қорғау құралына арналған техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Электр қондырғыларының барлық ток жүргізу бөліктері, тарату құрылғылары, аппараттары мен өлшеуіш аспаптары, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандыру құрылғылары, ажыратқыштары және барлық өзге де іске қосатын аппараттары мен аспаптары тек жанбайтын негізге (мрамор, текстолит, гетинакс) орнатылады.
  2. Сымдар мен кәбілдердің талсымдарын жалғау, ұштау және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнайы қысқыштар көмегімен жүргізіледі.
  3.    Сымдар мен кәбілдердің талсымдары жалғанатын және тармақталатын жерлері, сондай-ақ жалғаушы және тармақтаушы қысқыштар осы сымдар мен кәбілдердің тұтас жерлері талсымдарының оқшаулағышына тең етіп оқшауланады.
  4.    Оқшаулағыш тіреуіштерде төселген сымдардан басқа, сымдар мен кәбілдердің жалғанымы мен тармақталуы жалғаушы және тармақтаушы қораптарда, жалғаушы және тармақтаушы қысымдардың оқшауланған корпустарында, құрылыс конструкцияларының арнайы қуыстарында, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың корпустарының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерде төсегенде сымдарды жалғау немесе тармақтау тікелей оқшаулағыштың жанында, клицтерде немесе олардың үстінде, сондай-ақ роликте орындалады.

Жалғаушы және тармақтаушы қораптар қорғағыш қақпақтармен қамтамасыз етіледі.

6-1. Үй-жайлардағы электр қондырғылары мен электр аспаптары жұмыс уақыты (ауысымы) аяқталғаннан кейін тоқсыздандырылады.

Авариялық жарық түсіру, өрт сөндіру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт және күзет-өрт сигнализациясы кернеуде қосулы болады. Басқа электр қондырғылары мен электр техникалық бұйымдарды (оның ішінде тұрғын үй-жайларда), егер бұл олардың функционалдық мақсаты мен негіздеме және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарында көзделсе, кернеуде қалдыруға жол беріледі.

6-4. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:

       1) дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, өрттің шығуына (ұшқындауға, қысқа тұйықталуға, кабельдер мен сымдардың оқшаулағышының шамадан тыс қызуына, автоматты басқару, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғау жүйелерінің істен шығуына) әкелуі мүмкін ақаулары бар электр қабылдағыштарын пайдалануға, сондай-ақ оқшаулағышы зақымданған немесе қорғағыш қасиеттері жойылған электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;

       2) зақымданған және бекітілмеген розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа электр қондырғылары бұйымдарын пайдалануға;

       3) конструкциясында көзделген жылу реттегіштер болмаған немесе ақау болған кезде электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға;

       4) электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның конструкциясында көзделген қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдандарды пайдалануға;

       5) электр үтіктерді, электр плиткаларын, электр шәйнектерін және басқа электр қыздыру аспаптарын дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулығында көзделген болса, өрттің шығу қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректендіру цокольдерінсіз, қыздырғыш дөңгелектерсіз) пайдалануға;

       6) барлық жарылыс-өрт қаупі және өрт қаупі бар үй-жайларда электр қыздыру аспаптарын қолдануға;

       7) стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздыру аспаптарын қолдануға, калибрленбеген балқығыш ендірмелерді және шамадан тыс жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға;

       8) электр қалқандарының, электр қозғалтқыштарының және іске қосу аппаратурасының жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (жинауға);

       9) жарылыс қаупі және өрт қаупі бар аймақтарда дайындаушы зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрінің белгіленімі жоқ электр жабдығын қолдануға;

      10) электр сымдары мен кабельдерінің жалғамалары мен ұштарын оқшаулаусыз қалдыруға жол берілмейді.

Өрт қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарыңыз болса 872338-27-381 телефон нөмері арқылы хабарласып, сұрауларыңызға болады.

Ұлан ауданының ТЖБ