
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту аясында Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Мамай батыр ауылының М. Ломоносов атындағы және Сағыр ауылының А. Пушкин атындағы орта метептерінде 8-11 сыныптар арасында “Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын” тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Іс-шара жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға және электоралдық мәдениетке қызығушылығын дамытуға бағытталды.