
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары Сіздердің назарларыңызға өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік бақылау жүргізудің тәртібі туралы ақпараты ұсынады.
Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша қауіптілік дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес объектілер жоғары, орташа және болмашы дәрежедегі объектілер болып бөлінеді, объектілерді дәрежелерге бөлу «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығында көрсетілген.
Жоғары тәуекелдік дәрежеге жатқызылатын объектілерге жыл сайын, орташа дәрежедегі обьектілерге 2 жылда бір рет субьектіге (обьектіге) бару арқылы бақылау және қадағалау, ал болмашы дәрежедегі объектілер субьектіге (обьектіге) бармау арқылы бақылау және қадағалау жүргізіледі, тек қана өтініш, шағымдар негізінде тексерулер жүргізіледі.
Жеке кәсіпкер инспектордың тексеруге келетінін алдын ала білуі керек. Жарты жылдыққа арналған тексерулер кестесі Бас прокурордың сайтында жарты жылдық басталғанға дейін орналастырылады, сол сайттан тексеруге енгізілген объектілер тізімін көруге болады. Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілер алдында 30 күнтізбелік күн бұрын субъект өткізілетін тексеру туралы хабарландырылады.
Объектіге тексерумен келген мемлекеттік инспектор келесідей құжат-тарды көрсетуге міндетті:
1) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органда тіркеуден өткізілген тексеру тағайындау туралы акті;
2) қызметтік куәлік;
3) тексеруге жататын талаптар тармақтары көрсетілген тексеру парақтары.
Субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні ұсынған күннен бастап тексеру басталды деп есептеледі.Тексеру аяқталғаннан кейін тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамалар және т.б. құжаттар объектінің басшысына ұсынылады.
Егер тексеру жүргізілген объектіде өрт техникалық талаптардың бұзушылықтары анықталмаса және тексеру нәтижесінде 0-30 аралығында балл жиналып, бұзушылықтар толығымен жойылса тексеруден 1 жылға босатылады.
Сонымен қатар, тексеру субъектісі эксперттік ұйымнан өрт қауіпсіздігі аудиттінің оңды қортынды алса бақылау қадағалау жүргізілуден 1 жылға босатылады.
Сіздерге ақпарат ретінде хабарлаймыз, егер Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан жемқорлық немесе заңдылықтарға қайшы іс-әрекеттер көріністерін байқасаңыздар төмендегідей телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:
Ұлан ауданының ТЖБ бастығы Бидахметов А.Ш.,. 87233877-173.
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.