«Өмір жолы – өнеге» атты мерекелік концерт

«Өмір жолы – өнеге» атты мерекелік концерт

Халықаралық қарттар күніне орай Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында «Өмір жолы – өнеге» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – аға буын өкілдерінің қоғамға қосқан үлесін ұлықтау, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ белсенді қарттар арасындағы шығармашылық бастамаларды қолдау.
Мерекелік кешке Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының шығармашылық ұжымдары қатысып, концерттік бағдарлама ұсынды.
Іс-шара аясында Ұлан ауданының «Әгугай» әжелер фольклорлық ансамблі ұлттық нақыштағы өнерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, орталықтың мүшелері қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды.
Жоба қорытындысы бойынша аудан қатысушыларының еңбегі жоғары бағаланып, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Алғыс хатымен және естелік сыйлығымен марапатталды.