Бозанбай ауылдық округінде Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара

Бозанбай ауылдық округінде Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара

Бозанбай ауылдық округінде Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шараға Ұлан аудандық мәслихат төрағасы Г.Калиевамен бірге қатысып, Бозанбай және Алғабас ауылдарының ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарын құттықтадық.
Бұл мереке – «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген ұлағатты сөзді растайтын, ақылымен елге жол көрсеткен, еңбегімен үлгі болған аға буын өкілдеріне деген ерекше құрмет пен ілтипаттың көрінісі.
Шара барысында ауыл қарияларына «ТМ-ТЕПЛОМИР» ЖШС-нің қолдауымен дәстүрлі дастархан жайылып, оларға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға ауыл тұрғындары мен жергілікті қауымдастық өкілдері қатысып, үлкендерге деген құрмет пен ізет білдірді.
Барлық ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығы мен бақ-береке тілейміз.
Қауымдастық үлкендердің даналығын құрметтеп, олардың батасын қабылдап, өнегелі өмір салтын жас ұрпаққа насихаттау арқылы ауылымыздың бірлігі мен дәстүрін сақтап келеді.