2020 жылдың 2 қазанында Ұлан ауданы әкімінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімі Н.А. Сақтағанов, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері және Қоғамдық кеңес мүшелері мен ауылдық округтердегі жергілікті қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Оразай Нұрсолтанұлы Сыдыков жүргізді. Отырыс барысында күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды:
Қасым Қайсенов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның дәрігері Лейла Каналбековна Медетова күн тәртібіндегі екі сұрақ бойынша ақпарат берді. Отырысқа қатысқандар өздерін толғандырып жүрген көкейтесті түрлі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ұлан ауданның ішкі саясат бөлімі