Жеке үйдегі өрт қауіпсіздігі

Жеке үйдегі өрт қауіпсіздігі

Ұлан ауданының азаматтық қорғау ұйымы өрт санын азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Жергілікті атқарушы ұйымдармен және жергілікті полиция қызметі бірлесіп, өртке қарсы нұсқыулықтар жүргізу мақсатында елдімекендер мен тұрғын үй секторларын аралады. Халыққа пеш және газ баллон жабдығын орнату және пайдалану жайлы түсіндірді. 9000 тұрғын үй секторларын аралады, 200 өрт қауіпсіздік ақауы табылды. Жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жіберілді.   Көпбалалы отбасылар тұрып жатқан тұрғын үйлерде тұншықтырғыш анализатор датчиктері орналасқан. Тұншықтырғыш газдың автономды датчигі ауадағы тұншықтырғыш газды орнатылған дабыл арқылы анықтайды. Тұншықтырылған газ оттегі жетіспеушілігі жағдайында, көміртекті заттардың бықсуында, жылыту құрылғыларын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда пайда болады. Ұлан ауданы бойынша 217 тұншықтырғыш газ датчигі орнатылды.

Барлық білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі