
Асубұлақ кентіне жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, олардың жай-күйімен таныстым. Сапар аясында су құбыры желілерін көшелерге уақтылы жеткізу мәселесі талқыланып, бұл бағытта жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, дәрігерлік амбулаторияда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Сондай-ақ, "Бір қабатты Шығыс" Бағдарламасы бойынша құрылыс алаңдарын аралап, тұрғындардың өтініші негізінде мал қорымының жағдайымен таныстым. Қазіргі таңда "Ұлан мал дәрігері" КМК тарапынан тиісті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Әрбір нысан бойынша кент әкімі мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуы тікелей жеке бақылауымда болады.