
2020 жылғы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы онлайн режимде өткізілді.
мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға .Шығыс Қазақстан облысының барлық аумақтарындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысты.
Байқаудың шарты бойынша І-айналымда алдын ала түсірілген қысқа метражды фильм ұсынды. Фильмде үміткермен қазақ тілінде жүргізілген қысқаша сұқбат, оқу орны немесе жұмыс орны туралы ақпарат, қоғамдық жұмысынан қысқаша көрініс, мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі және мәдениет, спорт және т.б. салада жеткен жетістіктері көрсетілді.
Екінші айналымда «Мен неге бас жүлдеге лайықтымын» тақырыбына эссе жазып ұсынды.
Үшінші айналымда қатысушылар қазылар алқасы тарапынан онлайн режимде ұсынылған 2 ұяшықты таңдап, ұяшық бойынша берілген тақырыпта ой толғаудан сайысқа түсті.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Ұлан ауданынан қатысқан Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілі Федотова Анжелика Игоревна жүлделі ІІ-орынға ие болды.
Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Әлібеков