
Бүгін 2020 жылдың 23 қыркүйек күні Ұлан ауданының «Мұса баба» мешітінің бас имамы қызметіне Зауатбек Сайлауұлы тағайындалды. З. Сайлауұлы Алматы қаласы «Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетін» тәмәмдаған, араб тілін меңгерген «Дінтанушы». Еңбек жолын 2003-2005 ж.ж., Шығыс Қазақстан облысы «Ахмет Яссауи атындағы гуманитарлық институтында» ислам негіздерінен дәріс берген, 2013-2014 ж.ж., ШҚО "Дін мәселесін зерттеу орталығы" КММ ақпараттық түсіндіру тобының маманы болып жұмыс атқарған және 2014-2020 ж.ж., Шығыс Қазақстан облысы «Халифа Алтай» мешітінің наиб-имам қызметін атқарып келген.
Алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!