Облыстық байқауда жүлделі орынға ие болды

Облыстық байқауда жүлделі орынға ие болды

2020 жылғы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» облыстық  байқауы онлайн режимде өткізілді.

Байқаудың мақсаты: ономастика саласының жұмысын күшейту, тіл саясатының  бір бөлігі  ретінде ономастика саласын жүргізіп отырған қызметкерлерді көтермелеу. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан, қалаларындағы тіл саясатымен (ономастика) айналысатын бөлім мен ауылдық округ мамандарынан құрылған, құрамы 3 адамнан тұратын командалар қатысты.

Байқаудың шарты бойынша І- айналымда үміткер командалар өздерін таныстырып, команданың ұранын, байқауға қатысудағы  мақсатын, міндетін айтты.  

Екінші айналымдағы «Атаулар сыр шертеді» атты команда капитандарының сайысында 2018-2020 жылдардағы атқарылған шаралар, өзгертілген атаулар туралы мәліметті  нақты статистикасымен, слайд арқылы көрсетіп баяндау болды.

«Жер-судың аты-тарихтың хаты» атты үшінші айналымда команда капитандары лэд-экраннан көрсетілген  еліміздегі танымал мекендерді атап, еліміздің қай өңірінде  екенін және қысқаша тарихын, сипаттамасын айтып берді.   Төртінші айналым «Ономастика» деп аталатын топтық сайыс болды. Сайыстың бұл түрінде командалар халықтың пікірін ескеру  мақсатында жүргізілетін жұмыстар бойынша көріністің алдын-ала жасалған ролигі бойынша және ономастика саласын реттейтін нормативтік –құқықтық актілер бойынша оқылған үзіндіден қай заңның нешінші бабы екенін  анықтау арқылы сынға түсті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тіл саясатын  іске асырудың 2020-2025 жэылдарға арналған бағдарламасына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Ұлан ауданынан қатысқан, құрамында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С. Жуматаева, Қ.Қайсенов кент округінің бас маманы А. Садырбаева, Алмасай ауылдық округінің бас маманы Т. Жүнісбаева бар «Шежіре» командасы жүлделі ІІ-орынға ие болды.

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы  М. Әлібеков