«Айыппұл төле» науқаны

«Айыппұл төле» науқаны

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында орындау, сонымен қатар азаматтарға қолданыстағы әкімшілік заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында,  Ұлан ауданының аумағында ағымдағы жылдың 21-25 қыркуйек аралығында «Айыппұл төле» науқаны өткізілуде.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған көлік жүргізушілердің тізімі құрылып, оларды арнайы тұраққа орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Ерікті түрде орындалмаған қаулыларды құқық бұзушылардың жұмыс орны, сонымен қатар аумақтық жеке сот орындаушылар палатасы арқылы жеке сот орындаушыларға жолданды.

Науқан шеңберінде Ұлан ауданының прокуратурасының өкілі және сот орындаушының қатысуымен рейдтік іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстары өткізілуде.

Ұлан АПБ ӘПБ Әкімшілік бастығы

полиция подполковнигі

Д.Жуанышев