
Жылыту маусымы кезінде Ұлан ауданының азаматтық қорғау ұйымы өрт санын азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізілді. Жергілікті атқарушы ұйымдармен және жергілікті полиция қызметі бірлесіп, өртке қарсы нұсқыулықтар жүргізу мақсатында елдімекендер мен тұрғын үй секторларын аралады. Халыққа пеш және газ баллон жабдығын орнату және пайдалану жайлы түсіндірді. Көпбалалы отбасылар тұрып жатқан тұрғын үйлерде тұншықтырғыш анализатор датчиктері орналасқан. Тұншықтырғыш газдың автономды датчигі ауадағы тұншықтырғыш газды орнатылған дабыл арқылы анықтайды. Тұншықтырылған газ оттегі жетіспеушілігі жағдайында, көміртекті заттардың бықсуында, жылыту құрылғыларын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда пайда болады. Ұлан ауданы бойынша 208 тұншықтырғыш газ датчигі орнатылды.
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері Кадирбеков Е.Е.