Солтангалиев Аман Хасенович 1941 жылы 19 қазанда ШҚО, Ұлан ауданы, Сауқат ауылында дүниеге келді.
Саналы ғұмырын білім саласына ранады. Орта мектепті аяқтағаннан кейін 1960-1965 жылдары Өскемен педагогикалық институтында оқыды. Еңбек жолын 1965 жылы Ұлан ауданы Сағыр ауылында А. Пушкин атындағы мектете қызмет етуден бастаған. 1965-1997 жылдар аралығында аға тәрбиеші, мұғалім, комсомол ұйымының басқарушысы, мектеп директоры, бастауыш партия ұйымы, партия кәсіподақ ұйымының басқарушы қызметтерін абыроймен атқарды. Бүгінде шәкірттерінің бірі Мәжіліс депутаты болса, тәрбиеленге жас мұғалімдер Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаздық етіп, әр түрлі салада жоғары қызметтерде еңбек етуде.
Еңбек жолын тек қана педагогикаға ғана емес, қоғамдық қызметке арнаған Аман Хасенұлы 17 жыл Ұланда, 24 жыл Өскеменде учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы болып, еліміздің сайлау науқанына белсене атсалысты.
2011 жылы Өскемен қалалық әкімдігінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» № 1 филиалынынң жанынан құрылған ақсақалдар Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 2017 жылдан бері облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Сегіз қырлы, бір сырлы Аман Хасенұлы тағылымдық мәні бар бата тілек құрастырады. Бүгінгі таңда 10-нан астам тілек батасы және тілек айту, бата беру, жеті ата, жеті қазына туралы мәліметтерді қамтитын «Естелік» атты кітабы жарық көрген.
1985-1987 жылдар аралығында облыс бойынша шахматтан 3 жыл қатарынан жеңімпаз атанған Аман Хасенұлы, математикалық ойлауды қажет ететін шахмат ойынында № 1 филиалдың ақсақалдар алқасын биік жетістіктерге жетелейді.
Сонымен қоса, ШҚО мешітінді Халифа Алтайдың есімін, Карл Маркс даңғылына Қазыбек бидің атын беруге көп септігін тигізді.
Өзінің көпжылдық ерен еңбегі үшін Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға 20 жыл», «Ұлан ауданының 90 жылдығы» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс, қала әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Аман Хасенұлы керемет ұйымдастырушы, жауапкершілігі мол, қамқор әрі еңбексүйгіш азамат. Халық пен мемлекет алдындағы қызметі үшін қала және облыс басшылығы алдында өз бағасын алды.
2021 жылы 22 қаңтардағы VII шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының II кезектен тыс cессиясының № 11 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.