
Белихин Иван Васильевич 1948 жылы 14 сәуірде Ақмола облысы Макин ауданы Новый Колутон ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтының «Ауыл шаруашылықты механизациялау» факультетін «Ауыл шаруашылық инженер-механигі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1966 жылы Ақмола облысы Макин ауданы «Острогор» совхозында жүргізуші блып бастады. 1966-1971 жылдары Целиноград ауыл шаруашылық институтының студенті.
1971-1973 жылдары Кеңес Армиясы қатарындағы қызметі.
1973-1981 жылдары Шар аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас инженері болып істеді.
1981-1989 жылдары Семей облысы Шар ауданы «Қарасу» совхозыныі директоры лауазымын атқарды.
1989-1997 жылдары Семей облысы Шар аудандық атқару комитетінің төрағасы, Шар аудандық кеңес төрағасының бірінші орынбасары, Шар қаласы әкімшілігінің басшысы, қала әкімі.
1997-2001 жылдары Жарма ауданының әкімі лауазымын атқарды.
2001-2006 жылдары Ұлан ауданының әкімі болып қызмет етті.
2006-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеді.
2008-2009 жылдары облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы болды.
2009-2011 жылдары Ұлан ауданы Молодежный кентінің әкімі қызметінде болды.
Қандай қызметтерде еңбек етсе де, Иван Васильевич өзін жауапкершілігі мол, орындаушылық қабілеті жоғары, талап қоя білетін азамат ретінде көрсете білді. Көп жылдары басқарушылық лауазымдарда қызмет етіп, облыс пен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еселі үлесін қосты. Құрметті зейнеткерлікте болса да, Иван Васильевич ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Облыс пен аудан көлемінде абыройы жоғары. Отставкадағы полковник. 2 қыз тәрбиелеп, өсірді.
«Ұлан ауданы. Ерекше еңбегі үшін» төс белгісімен, «Ұлан ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен, облыс және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
2021 жылы 22 қаңтардағы VII шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының II кезектен тыс cессиясының № 11 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.