
Машибаева Саркыт Какышевна 1945 жылы 22 шілдеде Шығыс Қазақтан облысы, Зырян ауданы, Бородино ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң, еңбек жолын «Никольский» совхозында сауыншылықтан бастаған. 1963 жылы Өскемен ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп, оны бітірген соң совхозда зоотехник болып істеген.
1971 жылы совхоз комсомол комитетінің хатшысы, 1976 жылы партия ұйымының хатшылығына сайланды.
1977 жылы өндірістен қол үзбей Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, Зырян аудандық ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып сайланды.
1983 жылы Ұлан аудандық партия комитетінің хатшылығына сайланып, сегіз жыл ауыл шаруашылық саласында басшылық жасады.
1987 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітіріп, Коммуналдық меншікті басқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
1999-2003 жылдары Ұлан аудандық мәслихатының ІІ және ІІ шақырылымынң депутаты және хатшысы болып сайланды.
2007 жылы IV шақырылған мәслихатының депутаттары және аудандық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы болып сайланды.
2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
2021 жылы 22 қаңтардағы VII шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының II кезектен тыс cессиясының № 11 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.