
Каирбекова Каирбану Абдукаримовна 1946 жылы Ұлан ауданы Большевик ауылында тұған.
1964 жылы Никитинка ауылында орта мектепті бітіріп Өскемен қаласындағы педагогикалық институтқа түсті.
1968 жылы институтты бітірген соң, еңбек жолын Завидное ауылында Ю. Гагарин атындағы мектепте қоғамтану және тарих пәндерінің мұғалімі болып, ары қарай Никитинка ауылы С. Киров атындағы және Сағыр ауылы А. Пушкин атындағы мектептерде сыныптан тыс және тәрбие жұмысының ұйымдастырушы болып жұмыс атқарды.
1983 жылы Ұлан ауданының Қазақстан партия комитетінің саяси-ағарту кабинетіне кеңесші болып қабылданды. Кейіннен үгіт-насихаттау бөлімінің басшысының орынбасары және саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1990 жылдан 1996 жылға дейін Ұлан ауданының атқарушы комитетінің халық депутаттар Кеңесі басшысының орынбасары лауазымында, кейінен әлеуметтік сұрақтар бойынша Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.
Өзінің тік мінезі, жоғары кәсіби білімі және ұйымдастыру қабілетімен денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларында сұрақтарды шешетін. Облыстық Спартакиадаларда ауданымыз жүлделі орындар алатын.
Ұлан ауданының 80-жылдығына орай «Ұлан ауданы. Ерекше еңбегі үшін» төс белгісімен мараппаталған.
Тұрмыста, 2 ұл тәрбиелеген.
2019 жылы 19 сәуірдегі VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXXVIII cессиясының № 286 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.