Меню

Страницы

Статья

Қасенов Жақсылық Жапарханұлы

Қасенов Жақсылық Жапарханұлы 1949 жылы, Ұлан ауданы, Қараөзек ауылында дүниеге келген. 8 жыл Отрадное 8 - жылдық мектебін бітірген соң, оқуын Белоусовка ОКТУ-де, Саратовка ауылшаруашылық колледжінде, мал инженері мамандығы бойынша, содан кейін, Семей зооветеринарлық институтында жалғастырды.

Еңбек қызметін өзінің туған совохозында механик, бригадир, мал шаруашылық бригадиры және тракторлық өріс бригадасының бригадиры болып бастады. Кейін «Таврия» совхозының ірі шарушылығында зооветеринарлық бригадасын басқарды. Басқарушылық қызметі мектебін партиялық және мемлекеттік органдарда өтті.

Кеңес Одағы тоқырағаннан кейін, ауылдың мәселесін шешу үшін, ауыл тұрғындары бірігіп шаруа қожалығын құру және Қасенов Жақсылықты шаруашылықтың басшысы ету туралы шешім қабылдайды. Бүгінгі таңда «АгроБам» шаруа қожалығы Саратовка ауылдық округінде мықты шаруашылық болып табылады. Шаруашылық құрылғаннан бері егін салатын жерлердің аудандары бірнеше көлемге үлкейді. 80 пайызға ауылшаруашылық техника паркы жаңартылды.

Шаруашылық ылғал сақтағыш технологияларын қолдануды енгізді және азобактер жолымен топырақтың құнарлығын жақсарту үшін биологиялық әдісті қолданған ауданда бірінші, әрі жалғыз шаруашылық болды. Ол округтің қолданылмаған жерлерін табысты игерді, көпжылдық шөптерді отырғызды, сонымен қатар, шаруашылық жұмыскерлерін қыс бойы шөппен қамтамасыз етті. Өсімдік шаруашылығымен қатар, шаруашылық мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінгі таңда ірі қара мал, қой, жылқы өсіреді.

Жақсылық Қасенов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлкен көңіл бөледі. Ол Отрадное ауылында мәдениет үйін сақтап қалды, онда жөндеу жүргізіп, ұзақ жылдар бойы қарап күтті. 2012 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Жақсылық Жапарханұлы мәдениет үйін меморандум бойынша ауданның коммуналдық меншігіне өткізді.

Сонымен қатар, ол ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын шешу мақсатында, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжімен тығыз байланыста.

2019 жылы 19 сәуірдегі VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXXVIII cессиясының № 286 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
23 июня 2022
Дата обновления
23 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы