
Гладышев Василий Степанович 1949 жылы, Глубокое ауданы, Глубокое ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң, еңбек жолын Өскемен шошқа совхозында малшы болып бастап, бригадир, бөлімшенің басшысы және совхоздың бас зоотехник дәрежесіне жетті.
1981 жылы Ленин атындағы колхоздың төрағасы болып сайланды, 1985 жылы Таврия ауыл шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
1987 жылы Герасимовка ауылына қайта оралып, Ленин атындағы колхозын басқарды.
Колхоздың таратылған қиын кезеңдерінде, «Дружба» шаруа қожалығын ұйымдастырып, басқарды, ауылдың 28 адамын жұмыспен қамтамасыз етті. Шаруашылық өсімдіктер өсірумен айналысып, ауданның ірі шаруашылықтарының бірі болып саналады.
1995 жылдан 2007 жылдар аралығында өз жұмысымен қатар аудандық депутаттық қызметті де алып журді, аудандық маслихаттың 3-ші шақырылымының депутаты болды.
«Дружба» шаруа қожалығының басшысы үлкен қайырымдылық жұмыс атқарады, аз қамтылған отбасыларына, мектепке, қарт адамдарға әрқашан көмек көрсетеді. Округтің қоғамдық жұмыстарына қатысады. Аумақта және ауданымыздың әлеуметтік-экономика саласына өзінің белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымы арқылы үлкен үлесін қосады.
Василий Степанович – үйленген, екі баласы бар, жақсы отағасы. Округ пен ауданда сыйлы азамат.
2019 жылы 19 сәуірдегі VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXXVIII cессиясының № 286 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.