
Закаев Исхак Элимович 1953 жылғы 14 маусымда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Берчагур ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылы Шешенстанда бастады. 1973-1981 жылдары Таврия аудан Каменка ауылындағы малшаруашылық кешенін жөндеу және салу бойынша құрылыс бригадасында бригадир болды. 1981-1986 жылдар аралығында Ұлан ауданы «Красноалтай» совхозында құрылыс бригадасының бригадирі болып істеді.
1999 жылдан бастап «Қайрат» шаруа қожалығының құрылтайшысы және мүшесі болды. Бұл шаруашылық ауылшаруашылық дақыдарын және ірі-қара мал өсірумен айналысады. 2011 жылы «Қайрат» ШҚ «Симментал тұқымды» сүт бағытындағы ірі-қара мал өсіру бойынша тұқым шаруашылығы статусына ие болды. 2015 жылы шаруашылықтың негізінде 400 басқа сүт-тауарлы ферма салынып, «Де Лаваль» фирмасының автоматты сүт сау құрылғысы орнатылды.
Шаура қожалығын мүшесі ретінде Исхак Элимович тұрақты түрде қарт адамдар мен жалғыз басты адамдарға материалдық көмек көрсетіп отырады. Каменка орта мектебінің материалдық-техникалық жағдайын үнемі жақсартады. Оның бастамасымен Каменка ауылында мешіт салынды.
«Менің мектебім» бағдарламасы аясында И. Закаев алғашқы болып, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын танытып, жеке үлесін қосты.
2017 жылы «2017 жыл Меценаты» атағының иегері. Ұлан ауданының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Ұлан ауданы. Ерекше еңбегі» төс белгісімен, «Қасым Қайсенов 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2018 жылы 10 қыркүйектегі VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXVII cессиясының № 225 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.