Меню

Страницы

Статья

Рахымжанов Маутқан Рахымжанұлы

Рахымжанов Маутқан Рахымжанұлы 1937 жылғы 2 маусымда Таврия ауданы Тасөткел ауылында туған. 1955 жылы Өскемен қаласының Жамбыл атындағы орта мектебін бітіріп, Ленин атындағы колхозда жұмыс істеді. 1959 жылы Алматы қаласының С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік институтында тарих факультетінде оқыды. 1966 жылы институт бітіргеннен кейін Ұлан ауданының Қанай 8жылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып істеді.  1969-1972 жылдары Ұлан аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы болып еңбек етті. Кейін 1972-1976 жылдары Аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 1976-1982 жылдары Тайынты ауылындағы «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы орта мектебінің директоры, 1982-1999 жылдары Ұлан ауылындағы  «С. Аманжолов атындағы орта мектебінің» директоры, тарих пәнінің мұғалімі болып істеді. 1999 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты. Зейнеткерлікте болса да ауылдық қоғамдық өміріне белсене араласып жүрді.

Ұзақ уақыт мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы еңбегі үшін «КСРО оқу – ағарту ісінің озық қызметкері» деген белгісімен, «Еңбек ардагері», «Астана 10 жыл» медальдарымен, «Ұлан Отан соғысындағы Жеңіске 65, 70 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

2018 жылы 10 қыркүйектегі VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXVII cессиясының № 225 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы