Меню

Страницы

Статья

Құсанова Ғалия Бейсембайқызы

Құсанова Ғалия Бейсембайқызы 1948 жылы Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті.

Институт бітірген соң, Өскемен қаласындағы Ленин атындағы мектеп-интернатында тәрбиеші болып істеді, 1976-1984 жылдары № 38 орта мектебінде логопед болды.

1984-1985 жылдары қалалық білім беру бөлімінің әдіскері. 1985-1990 жылдары Таврия аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқаулық бөлімінің нұсқаушысы, 1990-1994 Таврия халық депутаттары кеңесі Президиумының референті, аға референті болды. 1994-1996 жылдары Таврия аудандық әкімшілігінің тілдер бөлімінің меңгерушісі, 1996-1997 жылдары аудандық ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылы Таврия және Ұлан аудандары қосылған соң, Ұлан аудандық аудандық ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Осы қызметінде құрметті зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді. 2009 жылдар бері бүгінгі күнге дейін соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмыс жөніндегі атқарушы хатшылық меңгерушісінің орынбасары қызметінде.

 ҚР Президентінің Жарлығымен 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен наградталған. «ҚР Тәуелсіздігіне 20, 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «ҰОС Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен, ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» белгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ұлан ауданына сіңірген елеулі еңбегі үшін «Ұлан ауданы. Ерекше еңбегі үшін» төс белгісімен наградталған.

2018 жылы 10 қыркүйектегі VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXVII cессиясының № 225 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы