Меню

Страницы

Статья

Байсақов Алхан Зейнелұлы

Байсақов Алхан Зейнелұлы 1954 жылы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы ауылшаруашылық институтында агроном мамандығы бойынша оқыды. Еңбек жолын бастап, өндірістің түрлі салаларында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.

1999 жылдан «Солтанбек» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылы «Жайнақ» шаруа қожалығын құрып, оны басқарды. 2004 жылы «КС Байсаков и К» сенім серіктестігін ұйымдастырды. Бұл кәсіпорындар өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады.

Байсаков Алхан кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз етті, бюджет алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындайды, қарыздары жоқ, қызметкерлерге жалақы төлеуді уақтылы жүргізеді. Кәсіпорындарда жыл сайын жаңа жұмыс орындары құрылады, бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Өз қызметкерлері үшін ет өнімдері мен жем-шөп төмендетілген бағамен беріледі. Сонымен қатар, ол өз қызметкерлері мен балаларының демалысын шебер ұйымдастырады, қызметкерлер ұйым есебінен санаторийлер мен демалыс орталықтарына жіберіледі.

Қыс мезгілінде шаруашылық Саратов ауылдық округі ауылдарының жолдарын тазалайды.

Алхан Зейнелұлы басқаратын шаруашылық облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне үнемі қатысады, онда өз өндірісінің өнімдерін төмендетілген бағамен сатады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ерекше көңіл бөледі. Аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, зейнеткерлерге үнемі материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Мектептің техникалық базасын нығайту үшін материалдық көмек көрсетеді.

Алхан Зейнелұлы агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері кәсіподағының жандануына және әлеуметтік әріптестікті дамытуға белсенді қатысты. Самар ауданының 100 жылдық мерейтойына Алхан Зейнелұлына «Самар ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ұлан ауданының 80 жылдығына арналған кітапқа енгізілген, онда шаруа қожалығының даму жолы көрсетілген.

2017 жылы 22 қарашадағы VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXIII cессиясының № 130 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы