Меню

Страницы

Статья

Телебаев Мұрат Сұлтанғазыұлы

Телебаев Мұрат Сұлтанғазыұлы 1947 жылы 6 шілдеде Семей облысы Жарма ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы № 27 орта мектепті бітіргеннен кейін Зайсан қаласындағы СМУ-П жұмыс істеді және бір мезгілде бұрмастерлер курсында оқыды. Одан кейін Удлен су қоймасының құрылысында бұрмастер болып жұмыс істеді. Әскери қызметін 1966 жылы Волгоградта өтті, содан кейін ГДР-да жалғастырды. Демобилизациядан кейін «Динамо» спорт қоғамында қоян-қолтық ұрыс бойынша нұсқаушы болып жұмыс істеді. 1969 жылы ІІМ органдарына қызметке орналасты. КСРО ІІМ мектебіне оқуға түсті, кейін КСРО ІІМ Академиясын бітірді. ІІМ органдарында подполковник атағына дейін қызмет атқарды, одан кейін отставкаға шыққаннан кейін ШҚО облыстық тұтынушылар одағының заң бөлімінің бастығы, білім беру жүйесінде әскери даярлық басшысы болып жұмыс істеді.

1998 жылдан бастап бизнеспен айналыса бастады. Қарттар, балалар үйлері, мүгедек-үйлер, тұрмысы төмен отбасылар, спортшылар мен спорттағы дарынды балаларға тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетеді. Кәсіпкерлік қызметпен бірге аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің төрағасы, ШҚО жергілікті жарияланбаған соғыстар ардагерлері кеңесінің құрметті мүшесі, ШҚО дін істері жөніндегі кеңесінің мүшесі, ШҚО ақсақалдар кеңесінің мүшесі.

Киокушинкай каратэ бойынша қоңыр белбеу иегері. Армиялық қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбо және гір спорты бойынша спорт шеберіне үміткер.

2005 жылы Меккеге үлкен қажылық жасады. 2006-2011 жылдары ШҚО бойынша қажылар кеңесінің төрағасы. Облыстық мешіттің құрылысына және ескі қалалық мешіттің жөнделуіне демеушілік көрсетті.

2011 жылы «ШҚО кәсіпкерлері арасындағы Үздік меценат» деп танылды.

Сондай-ақ, 2015 жылы Асубұлақ кентінде мешіт салып, ҰОС қатысушыларына ескерткіш орнатуға демеушілік көрсетті. Асубұлақ кентіндегі спорт кешенін ұстауға үнемі материалдық көмек көрсетеді, мектепке, тыл еңбеккерлеріне және халықтың тұрмысы төмен топтарына демеушілік көмек көрсетеді.

2017 жылы 22 қарашадағы VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXIII cессиясының № 130 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы