Меню

Страницы

Статья

Сейсембина Назигуль Усеровна

Сейсембина Назигуль Усеровна 1956 жылғы 7 наурызда Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Орал облысы Чапаев ауданы Кордоков атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, кейін Лениногор қаласының мырыш зауытында кара жүргізушісі, Өскемен қаласының қорғасын-мырыш зауытында электролизник, Өскемен қаласының педагогикалық институтында лаэкспедитор-лаборант қызметтерін атқарып, туған аудадына оралып, аудандық газета редакциясында хатшы-машинист болып істеді. 1990 жылдардан аудандық экономика бөлімінде экономист, бас экономист, бөлім басшысы болып істеді. 1998-2011 жылдары Ұлан ауданы әкімінің әлеуметтік міселелер бойынша әкім орынбасары лауазымын атқарды. 2011-2012 жылдары ШҚО білім басқармасына басшылық етіп, 2012 жылы Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы болып тағайындалды.

Назигуль Өсер қызы кәсіби шеберлік пен жоғары жауапкершілікпен ұштасқан ұйымдастырушылық қабілетінің иесі. Қайырымдылық қорларымен талай жұмыс атқарып, спорт саласында да көтпеген жетістіктерге қол жеткізді. Ауданның көркемөнерпаздар ұйымдары әртүрлі конкурстардың лауреаттары атанып, жалғайда орналасқан ауылдардағы клубтар жұмыстарын жандандарды.

Коммуникативтік қасиеттерінің арқасында ауданда «Туған жерге тағзым» атты акциясы бойынша жұмыс атқарылды. Назигуль Усеровна ауданнан шыққан зиялы азаматтардың басын қосып, туған аудандарын дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде аудан орталығына 450 орындық мешіт, 400 орындық орталық стадион ашалып, мемориалдық тақталар орнатылды.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» мерекелік медалімен,   «Ұлан ауданы. Ерекше еңбегі үшін» төс белгісімен,  Шығыс Қазақстанның тарихи, мәдени және рухани мұраны дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс» белгісімен наградталды.

2016 жылы 29 маусымдағы VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының VI cессиясының № 32 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы