
Ашимов Жаңабай Түкеұлы 28.06.1947ж. – 02.2021ж.
Ұлан ауданы Есір ауылында туған. 1966 жылы Ұлан ауылының Жамбыл атындағы мектебін бітіріп, Семей қаласының зооветеринария институтында оқыды. 1971 жылы институт бітіргеннен кейін Ұлан ауданының «Никитинский» совхозының аға мал дәрігері болып істеді.
1973-1975 жылдары сол совхоздың № 3 бөлімшесінің басқарушысы болып істеді. 1975-1978 жылдары «Передовой» совхозында аға мал дәрігері болып, 1978-1986 жылы қайтадан «Никитинкский» совхозына келіп партия комитетінің хатшысы болып еңбек етті. Кейін «Ұлан» совхозының директоры, Шығыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
1991-1995 жылдары Ұлан аудандық халықтық депутаттар кеңесінің төрағасы, аудандық әкімшіліктің және ауылшаруашылық басқармасының басшысы. 1995 жылы «Красноалтай» ауылшаруашылық кәсіпорынының директоры, «Сағыр» шаруа қожалығының басшысы, «Ұлан жолдары» қазыналық мемлекеттік кәсіпорынның директоры қызметтерін атқарды. Облыстық және аудандық мәслихаттың депутаты. Қазіргі уақытта құрметті демалыста болса да, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасымен және облыс пен аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен наградталған.
Бүгінгі күні қоғамдық жұмыстарды белсене атқара отырып, Ұлан ауданынан шыққа ақсақалдармен «Ата Мұра» атты фольклорлық ансамбль құрып, сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыскерлерінің кәсіподақ комитетінің мүшесі болып табылады.
2016 жылы 29 маусымдағы VI шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының VI cессиясының № 32 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.