
Мусин Думанай Маратұлы Ұлан ауданы Қанай ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1984 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты, 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
1990-2004 жылдары Думанай Маратұлы коммерциялық құрылымдар құрып, жаңа жұмыс орындарын ашқан. Өз қаражаты есебінен Борсақ ауылында бірнеше үйлер салып, ірі қара мал ұстауға арналған қора салып, ауылды абаттандырумен айналысып, Қанай мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ауданымызда алғашқы болып «Туған жерге тағзым» акциясын қолдап, кенттің көркейуіне елеулі үлес қосты, сонымен қатар Думанай Маратұлы Қасым Қайсенов кентіндегі 450 орындық орталық мешіт құрылысының ұйымдастырушысы. Осы акцияға ауданнан шыққан бизнесмендер мен кәсіпкерлерді тартып, нәтижесінде кентті жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ауданда фонтан салынды.
Д. М. Мусин облыстың спорттық өміріне де белсене қатысады. ШҚО қол күрес және гір көтеру Федерациясының Президенті болып табылады, қол күрес және гір көтеруден жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші, қол күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, дзюдодан ССРО спорт шеберінің үміткері, бокс және гір спортынан 1 разряды бар. Жастарды тәрбиелеудегі қоғамдық жұмыспен, жасөспірімдерді спортқа тартумен белсене айналысады.
Спортшыларға, спорттық ұйымдарға спорттық жарыстар өткізуде моралдық және материалдық көмек көрсетеді. 2009 жылы оның тәрбиелеушісі қол күресінен әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Д. Мусин техникалық ғылымдарының докторы, ғылыми мақалалардың авторы, оқу нұсқаулықтардың соавторы. Осы ғылыми атақ 2004 жылы Мәскеу Халықаралық ғылым және өнер Академиясы Ғылыми Кеңесінің шешімімен берілген.
2014 жылы 21 сәуірдегі V шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXIV cессиясының № 185 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.