Меню

Страницы

Статья

Лысенко Анатолий Иванович

Лысенко Анатолий Иванович еңбек жолын 1956 жылы мектеп бітіргеннен кейін Таврия ауданы Гагарино ауылында комисомол комитетінің хатшысы болып бастады. Владивосток қаласында әскер қатарында қызмет атқарғаннан кейін ауданға қайта оралып, «Багратион» совхозында косомол комитетінің хатшысы, үгіт насихат инспекторы, Таврия аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Таврия жұмыспен қамту Орталығының директоры болып жұмыс істеді.

1963-1966 жылдары Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болды.

2007 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық көмекшісі болып істейді.

Анатолий Иванович 2000 жылдан бері құрметті демалыста болса да, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады, ауданның қоғамдық бірлестіктерімен қоян-қолтық жұмыс істейді.

Елбасының саясаты мен Жолдауларын тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмысын жүргізеді. Ауданның барлық проблемалық мәселелерін жақсы біледі, сонымен қатар, қажет болған жағдайда оларды аудан және облыс басшылығына жеткізіп, шешуге ат салысады.

Анатолий Иванович ауданда адамгершілігі мол, сезімтал, әр кезде қол ұшын беруге даяр тұратын адам ретінде танымал, сондықтан да сыйлы, беделді.

2014 жылы 21 сәуірдегі V шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXIV cессиясының № 185 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы