
Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы 1951 жылы туған. 1967 жылы мектеп бітіріп, Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтына түсіп, 1972 жылы инженер-техник мамандығы бойынша бітірді.
1972-1975 жылдары Өскемен ауылшаруашылық техникумында мұғалім, 1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытында слесарь болып істеді.
1978 жылы Ұлан ауданы «Передовой» совхозында бас инженер, 1992-1997 жылдары совхоз директоры қызметін атқарады.
1997-2007 жылдары «Колос» шаруа қожалығын құрып, басқарады. 2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып.ғылыми зерттеулермен айналысады. Бүгінгі күні «Колос» ШҚ басшылық етеді.
Қолкүресі спортының 5 дүркін Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанда гір және қолкүресі Федерациясының Құрметті Президенті, Дүниежүзілік қолкүресі Федерациясының вицепрезиденті. Гір көтеруден Шығыс Қазақстан облысының 9 дүркін чемпионы.
2014 жылы 21 сәуірдегі V шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXIV cессиясының № 185 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.