Меню

Страницы

Статья

Жапишев Жұмабек Қаирбердіұлы

Жапишев Жұмабек Қаирбердіұлы шаруа қожалығының басшысы. 2017 жылға дейін – аударыспақтан Шығыс Қазақстан облысының аға жаттықтырушысы. Аударыспақтан біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР Ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары санатты ұлттық төреші. «Аударыспақтан Үздік жаттықтырушы», «Спорт қайраткері» атағына ие болды. Облыстың 22 дүркін чемпионы, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (2013), «Халық қаһарманы Қасым Қайсенов» (2018) және «Ұлан ауданына 90 жыл» (2018) медальдарымен, «Ұлы даланың тұлпары Құлагер» орденімен (2010), «Ұлан ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» (2007) төс белгілерімен марапатталған. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2013).

Сонымен қатар, ол бала кезінен спортпен шұғылданды: жеңіл атлетика және шаңғы, гір спорты және еркін күрес. 1979 жылы еркін күрестен спорт шебері, 1981 жылы қысқы үш сайыстан спорт шеберіне үміткер, 1985 жылы қазақша күрестен спорт шебері атағы берілді.

2013 жылы 28 маусымдағы V шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XV cессиясының № 124 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы