Меню

Страницы

Статья

Жанғозин Жансап Шыңғысұлы

Жанғозин Жансап Шыңғысұлы 1950 жылы 11 маусымда Ұлан ауданы Скалистое (қазіргі Ізғұтты Айттықов) ауылында туған.

Еңбек жолын 1968 жылы Талғар аудандық «Звезда Алатау» газетінің редакциясында бастады. 1969-1971 жылдары Ленинград әскери аймағында борышын өтей жүріп, аймақтық әскери газет редакциясында істеп, Ленинград әскери аймағының генерал-полковнигі И. Шавровтың Алғыс хатына ие болды. 1971-1972 жылдары Талғар аудандық «Звезда Алатау» газетінің редакциясында тілші, өнеркәсіп, құрылыс және көлік бөлімінің меңгерушісі болып қызметін жалғастырды. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің жолдамасымен 1972-1976 жылдары Марқакөл «Маяк-Шамшырақ» газетінде тілші, ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1976-1982 жылдары Таврия аудандық «Путь Ильича» газетінің тілшісі, ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары міндеттерін атқарды.

1982 жылы Катонқарағай аудандық «Луч Арай» газетінің редакторы болып тағайындалып, 1985 жылы Ұлан аудандық «Рассвет –  Өркен» газетінің редакторлығына ауыстырылады.

1992 жылы Ұлан ауданы әкімшілігінің ұйымдастыру-кадр жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 1993 жылы Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.

1995 жылы «Полиграфия» өндірістік кооперативінің директоры болып тағайындалып, Ұлан аудандық «Ұлан таңы – Уланские зори» газетінің редакторының міндетін атқару жүктеледі.

«Боздақтар» кітабын шығаруда Ж.Жанғозин Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестері туралы құнды мәліметтер жинауға белсене қатысады. ШҚО ардагерлер ұйымының 20 жылдығына арналған «Шығыс Қазақстан –белгісіз өлкенің феномені», «Әрқашан қатарда» кітаптарына Ұлан ауданы бойынша тарихи мәліметтер жинап, жазды.

Ұлан ауданының 70 жылдығына «На отрогах Коктау» тарихи кітап жазып, Украинка ауылының 100 жылдығына «Дорога длиною в век», тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына «Край поднятой целины» тарихи кітабын, 1954 жылдан бері Таврия, Ұлан аудандарындағы спорттың қалыптасуы және дамуы тақырыбына «Ұлан чемпион», 2008 жылы Васильевка (Мамай батыр) ауылының 100 жылдық мерейтойына орай «Узами единства и братства», сондай-ақ ауыл мектебінің 100 жылдығына байланысты «Алтын ұям»,  «Армрестлинг Восточного Казахстана» кітаптары жарық көрді. Ұлан ауданының 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ұлан есімі – ұлағат бесігі» кітабының 2-5 томдарының авторы.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі» атағының иегері.

2011 жылы 18 желтоқсандағы IV шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XXXIV cессиясының № 282 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы