Меню

Страницы

Статья

Ұлан ауданының Қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмысы туралы ақпарат

Аудан бойынша бүгінгі күні 53 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, соның ішінде жетімдер – 21, ата-анасының қамқорынсыз қалғана балалар – 32.

2020 жылы ата-ана құқықтарын қалпына келтіргендер жоқ, ата-ана құқығынан айырылғандар жоқ. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалардың құқықтары сақталған. Қорғаншылар (қамқоршылар) өз міндеттерін орындау туралы есептерін қорғаншы және қамқоршы органына жылына екі рет беріп отырады. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған 8 баланың, патронаттық тәрбиедегі 1 баланың жылжымайтын мүлікке үлесі бар.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, балалардың құқықтарын қорғау комитеті жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Патронат туралы» қаулысымен бекітілген Ереже негізінде Ұлан ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды азайту мәселесі бойынша мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасы Ұлан ауданының тұрғындары арасында қолдау тапты.

2020 жылы патронат кандидат ретінде кезекте тұрғандар саны 4 азамат, 5 балаға. Бүгінгі күні Ұлан ауданы бойынша 7 бала патронаттық тәрбиеде. 6 бала аудан мектептерінде білім алса, 1 бала Өскемен қаласы колледжінде студент. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/388-IV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі кешенді жоспарын орындау мақсатында ауданымызда 49 жетім және ата анасының қамқорынсыз қалған балалардың атына тұрғын үй жинақ банкінен есеп шот ашылып, қаражат аудару жұмысы жалғастырылуда.

Кешенді жоспар негізінде аудан бойынша 49 жетім балалар алынып отыр. Осы 49 жетім балаларға патронаттық мекеме ретінде 82 мекеме, 1432 қызметкер қамтылып отыр. Аудандағы барлық қамқоршылар мен қорғаншылар өз қамқорлығындағы балаларға тұрғын-үй жинақ банкінен есеп шот ашып аяқтады, есеп бойынша аударылған қаражат мөлшері 6 990 000 тенге.

Балалардың құқықтарын қорғау үнемі білім бөлімінің бақылауында.

Дата публикации
19 февраля 2020
Дата обновления
19 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы