Меню

Страницы

Статья

Спорт

2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға және халықты спортқа тартуға арналған спорттық ғимараттар саны 226-ны құрайды. Оның ішінде:                                  3 стадион, 5 спорттық кешен, 16 хоккей қорапшалары, 130 жазықтық алаңдар, 37 спорттық залдар, оның ішінде 35 жапсарлас спорттық залдар бар.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тұрғындарды қамту                              13 436 адамға жетті, бұл аудан тұрғындарының жалпы санының 35,2 % - ын құрайды.

Спорт саласын дамыту мақсатында 2024 жылы 009 «Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу» бағдарламасы бойынша 2259,0 мың тг.қаражат бөлініп, игерілсе, 2025 жылға – 2800,0 мың тг қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, 008 «Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту» бағдарламасы бойынша 6354,0 мың тг бөлініп, игерілсе, 2025 жылға – 8000,0 мың тг бөлінді.

010 «Аудандық құрама командасының құрамын облыстық спорт шараларына дайындау және қатыстыру» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 8286,0 мың тг қаражат бөлініп, игерілсе, 2025 жылға – 10 300,0 мың тг бөлінді.

Аудан спортшылары жыл басынан бастап спорт саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.

Республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарға, чемпионаттарға Ұлан ауданынан Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген спортшыларымыз бар. Ағымдағы жылға жоспарланған барлық спорттық жарыстарға дайындық жұмыстары бекітілген жаттықтыру жоспарлары бойынша жүргізілді.

Ауданымыздан шыққан жасөспірім спортшылар республикалық, халықаралық деңгейде өтіп жатқан жарыстарда оң нәтижелер көрсетуде. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың наурыз айында өткен 20 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатында еркін күрестен ауданымыздың тумасы, мақтанышымыз, Ұлан ауданы бойынша балалар спорт мектебінің түлегі Болатұлы Айқын жүлделі 1 орын алып, маусым айында Сауд Арабия елінде өтетін Азия чемпионатына, тамыз айында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып, жүлделі оралды. Қазіргі таңда қызу дайындық үстінде. Жаттықтырушысы: Талғат Екібаев. Руслан Досжан - наурыз айында еркін күрестен өткен 20 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлде иегері атанды.

Бұдан бөлек, ауданымызда ұлттық спорт түрлері де қарқынды дамуда. Ата-бабамыздан мұра боп қалған, көне саятшылық (құсбегілік) спорт түрі ауданымызға қарасты Бозанбай ауылында жандануда. Қазақстан Республикасының Құсбегілік федерациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасы болып Бозанбайлық Маркс Бағжан сайланып, облыс, республика намысын қорғауда. Қазіргі таңда Құсбегілік спорты бойынша барлығы 18 бүркітші бар. Биылғы жылы да «Шығыс салбұрыны» бүркітшілер сайысы халықаралық деңгейде Бозанбай ауылында өткізілді. 

Аударыспақ және арқан тарту спорт түрінен ауданымыздың мақтаныштары, белгілі ат бапкер Ермек Жапишев бастаған спортшылар еліміздің намысын шет елдерде қорғауда. 2024 жылдың қыркүйек айында өткен V әлемдік көшпенділер ойынында Ұлан ауданының құрама командасы Қазақстан Республикасының намысын қорғап, жүлделі ІІ орын алды.

Жыл басынан бері волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы және шахмат, үстел теннисі, футзал, шағын футбол ойындарынан аудандық ашық біріншіліктер мен турнирлар ұйымдастырылып өткізілді. Облыстық жарыстарға спортшылар тұрақты қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. 

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2023 жыл көлемінде 13 аудандық іс – шара өткізді. Сондай-ақ, 10 облыстық деңгейдегі жарыстарға аудан спортшылары қатысып, жүлделі ІІ-ІІІ орындарды қанжығаға байлады.

Ал, 2024 жыл көлемінде барлығы 40 аудандық іс – шара өткізіліп, 42 облыстық деңгейдегі жарыстарға жіберіліп, нәтижелі І – ІІ орындарға иеленді. Олардың ішіндегі ең негізгісі – ШҚО әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған халықтар ойынының нәтижесі бойынша Ұлан ауданының құрама командасы соңғы 10 жылдықта бірінші рет жүлделі ІІ орынды алды (І орын – Өскемен қаласы, ІІ орын – Ұлан ауданы, ІІІ орын – Күршім ауданы).

 

Дата публикации
13 февраля 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы