«Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы»
2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына (2025 жылғы 30 маусымдағы өзгерістермен) сәйкес, құқық бұзушылықтардың жалпы алдын алу шаралары құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермейтін ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, заңда мынандай норма көзделген: Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау аясында, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты, сондай-ақ спорттық, бұқаралық спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарды қоспағанда, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады.