Меню

Страницы

Статья

Дубығалы көлі

Шығыс Қазақстанның інжу-маржандарының бірі — Дубығалы көлі, халық арасында оны Окуньки деп те атайды. Көл өзінің атауын жағасында орналасқан Дубығалы тауының (749 м) құрметіне алған. Көл жұмсақ әрі тыныштандыратын суымен танымал. Жазғы кеште жусанның қою иісі ауаға таралып, суға түскен кезде бойыңыз рақаттанып, тынышталады. Көлдің суы сәл тұзды болып келеді, дәмі теңіз суына ұқсайды — бұл жайдан-жай емес. Геологтардың айтуынша, Окуньки көлі — ежелгі Алтай теңізінен қалған табиғи мұра.

Ғалымдар Дубығалы көлінің суында көптеген микроэлементтердің бар екенін анықтаған: бор, алюминий, фосфор, калий, титан, марганец, темір, кобальт, никель, галлий, германий, мышьяк, селен, рубидий, стронций, цирконий, ниобий, молибден, қалайы, сүрме, вольфрам және торий.

Табиғаты мен демалыс мүмкіндіктері

Көлді айнала қоршаған таулар мен жартастар көркем табиғат көрінісін қалыптастырады, бұл жерді туристер мен белсенді демалыс сүйетіндер үшін ерекше тартымды етеді. Мұнда балық аулауға, шомылуға, таулы серуендеуге және велосипедпен жүруге болады.

Көлде линь, алабұға (окунь), және қарабалық (карась) мекендейді. Сондай-ақ, көлде су құстары ұя салады, ал жағалаудан ондатрларды кездестіруге болады.

 

Туристік инфрақұрылым

Көл жағалауында бірнеше демалыс базалары орналасқан:

  • «Окуньки» кемпинг-отелі: көлде шомылу, тауға серуен, балалар алаңы, монша, кафе-бар, дүкен және асхана ұсынады. 3–5 адамға арналған бөлмелер бар.
  • «Акежан» демалыс аймағы: Гагарина ауылынан грейдер жолмен 15 км  жерде, орналасқан. Мұнда шомылып, серуендеп, кәуап жасап, беседкалар жалға алуға болады. Сондай-ақ, жайлы жабдықталған үйшіктер мен киіз үйлер бар.
  • «Қараша» демалыс базасы: көл жағасында орналасқан, шомылу, серуен, кәуап дайындау, ашық беседкалар, орындықтар мен мангал аймағын жалға алу мүмкіндігін ұсынады. Түрлі көлемдегі үйшіктер бар.

Белсенді демалысты ұнататындар үшін көркем табиғатты қамтитын орташа қиындықтағы веломаршруттар (кросс-кантри) қарастырылған.

Қалай жетуге болады

Өскемен қаласынан Семей бағытына қарай трассамен Гагарина ауылына дейін, одан кейін топырақ жолмен көлге дейін жүру керек. Жалпы қашықтық шамамен 70 шақырымды  құрайды.

 

Дата публикации
16 мая 2025
Дата обновления
16 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы