2020 жылы Ұлан ауданында 31 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
1-11 сынып оқушыларының жалпы саны-4835. Мектепалды даярлық сыныптарында-509 бала.
Оқушылардың білім сапасы 60,9% құрайды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,7% жоғары.
2020жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңартылған мектеп бағдарламасына 11-сынып оқушылары көшті.
Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде (2020 жылдың наурыз-мамыр айларында) аудан мекттептері қашықтықтан оқыту форматына ауысқан.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтық және дәстүрлі форматтарда басталды. Ата - аналардың өтініші бойынша 1 - 4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды. 9 толық жинақталған мектептің 3335 оқушысы қашықтық форматта оқыса (66,3%), оның ішінде ата- аналардың өтініші бойынша 1- 4 сыныптардың 1965 оқушысы 131 кезекші сыныптарда оқиды.
22 шағын жинақталған мектеп 1701 оқушыны (33,7%) қамтып, дәстүрлі форматта жұмыс атқарды.
Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету шаралары қолға алынған. Қашықтықтан оқыту форматында жұмыс атқаратын мектеп оқушыларына 245 компьютер мен 114 ноутбук уақытша қолдануға берілді.
Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен 200 роутер алынып, 200 отбасына таратылды.
Бүгінгі таңда аудан мектептерінде 1784 компьютер бар.
Айтылған іс-шаралар, қашықтан оқу барысындағы оқушылардың компьютер мен интернетке қолжетімділіктерін толық қамтиды.
Ағымдағы жылы оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді сатып алуға облыстық бюджеттен 5,4 млн.теңге бөлінген.Барлығы 36623 дана құрайтын жаңартылған мазмұндағы оқулықтар 11 - сыныптар үшін және даярлық сыныптары мен бірінші сыныптардың жұмыс дәптерлері алынды. Оқулықтар 100 % оқушыларға таратылады.
Ұлан ауданының Қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмысы туралы ақпарат