2022 жылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында Ұлан ауданында келесі жұмыстар атқарылды:
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу».
Бас мердігер «Алянс XXI» ЖШС, келісім-шарт сомасы 461 746,84 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Востокагропроект» ЖШС;
Техникалық қадағалау – «Vostok Engineering UKG» ЖШС.
Келісімшарттар бойынша құрылыстың жалпы құны 481 363,80 мың теңге.
Бұл жобада Ізғұтты Айтықов ауылында жалпы ұзындығы 10 859 м желіні салу қарастырылған.
Нысан пайдалануға берілді.
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын салу».
Бас мердігер «Алянс XXI» ЖШС, шарт сомасы 524 887,04 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Востокмассивпроект» ЖШС;
Техникалық қадағалау – «Vostok Engineering UKG» ЖШС.
Келісімшарттар бойынша жалпы сомасы 547 186,45 мың теңге.
Бұл жобада Жоғарғы Таинты ауылында жалпы ұзындығы 8706 м желіні салу қарастырылған.
Нысан пайдалануға берілді.
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Пролетарка ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу» жалпы құны 636 440,68 мың теңгені құрайтын Пролетарка ауылындағы су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы 2021 жылы «Востокагропромпроект» ЖШС әзірледі.
Бас мердігер «Builder Gold» ЖШС.
Нысан пайдалануға берілді.
«ШҚО Ұлан ауданы Жоғарғы Тайнты ауылы ауданында ұялы радиотелефон байланысы базалық станциясының жабдықтарына арналған биік тірек салу».
Бас мердігер «Металлургстройсервис» ЖШС, шарт сомасы 118 160,0 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Градопроект» ЖШС;
Техникалық қадағалау – «УК ПроектТехНадзор» ЖШС№
Құрылыстың жалпы құны 123 099,9 мың теңгені құрайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
«ШҚО Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің КСС-4-тен бастап қолданыстағы тазарту құрылыстарына дейін кәріз коллекторын салу».
Бас мердігер «Builder Gold» ЖШС, шарт сомасы - 477 592,64 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Градопроект» ЖШС;
Техникалық қадағалау – «СКАПС» ЖШС;
Құрылыстың жалпы құны – 498 285,68 мың теңгені құрайды.
Нысан пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, келесі жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде:
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы» жұмыс жобасына ЖСҚ әзірлеу, бас жобалаушы – «Востокмассивпроект» ЖШС, ЖСҚ аяқталу мерзімі – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы.
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының су құбыры желілерін қайта жөндеу» жұмыс жобасына ЖСҚ әзірлеу, бас жобалаушы – «Казгражданстройпроект» ЖШС, ЖСҚ аяқталу мерзімі – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы.
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Отрадное ауылында су құбыры желілерінің құрылысы» жұмыс жобасына ЖСҚ әзірлеу, бас жобалаушы – «Шығым Құрылыс Жоба» ЖШС, ЖСҚ аяқталу мерзімі – 2024 жылдың наурыз айы.
Қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылы бастау жоспарлануда.
2023 жылы Ауыл-ел бесігі Ұлттық жоба аясында келесі жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді:
«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде
мәдениет және демалыс орталығын салу».
Бас мердігер «QK SUNQAR» ЖШС, шарт сомасы 642 900,0 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Shadal» ЖШС;
Техникалық қадағалау – «Строй-эксперт 2022» ЖШС.
2023 жылы 306 354,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, игерілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жылға жоспарланған.
«ШҚО Ұлан ауданы Таврия ауылында жылу желілерін салу».
Бас мердігер «DK Build» ЖШС, шарт сомасы 352 400,0 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Градопроект» ЖШС.
Техникалық қадағалау – «Скапс» ЖШС.
Келісімшарттар бойынша құрылыстың жалпы құны 367 600,0 мың теңге.
Нысан пайдалануға берілді.
«ШҚО Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде жылу желілерін реконструкциялау» (1-кезек) жұмыс жобасы.
Бас мердігер «Древстроймаркетинг» ЖШС, шарт сомасы – 837 200,0 мың теңге.
Авторлық қадағалау – «Градопроект» ЖШС.
Техникалық қадағалау – «Строй-эксперт 2022» ЖШС.
Келісімшарттар бойынша құрылыстың жалпы құны – 873 627,89 мың теңге.
2023 жылы 200 000,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, игерілді.