Меню

Страницы

Статья

«Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бойынша ақпарат

Бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары:

Мемлекеттік рәміздер

Ұлан ауданының аумағында мемлекеттік рәміздер 78 мемлекеттік мекемеде орналастырылған: 105 Мемлекеттік Елтаңба (оның ішінде бірінші басшылар кабинеттерінде – 78, ғимараттарда – 27, отырыс залдарында - 6), 138 Мемлекеттік Ту оның ішінде бірінші басшылар кабинеттерінде – 78, ғимараттарда – 60, отырыс залдарында - 6).

Мекемелер сыртындағы маңдайшалардағы Елтаңбалар саны – 124, Мемлекеттік Рәміздер бейнеленген инсталяциялар – 39.

Ағымдағы жылдың ақпан айында барлық мемлекеттік мекемелерге Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығы барлық мекемелерде орналасқан Мемлекеттік Елтаңба, бланктер және мөрлерге тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша Ұлан ауданы көлемінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Үкіметтік емес ұйымдар.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес  Ұлан ауданының Қоғамдық секторында

  • Аудандық Қоғамдық кеңес,
  • Ақсақалдар кеңесі,
  • Аналар кеңесі,
  • Іскер әйелдер қауымдастығы,
  • «Ulan - медиация және құқық орталығы» ҚБ,
  • «Jeltoqsan-86» ҚБ,
  • Ардагерлер ұйымы ҚБ
  • «Қамқор - Ұлан» ҚБ
  • Білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы,
  • «Amanat» партиясының Ұлан аудандық филиалы жұмыс істейді.
  • «Күш бірлікте» қоғамдық бірлестігі
  • «Аяла - 2022» қоғамдық бірлестігі
  • Ұлан ауданының «Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлері» қоғамдық бірлестігі

2022 жылы «АЯЛА – 2022» ҚБ, 2023 жылы «Күш бірлікте» ҚБ  және «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы» ардагерлері бірлестігі құрылды.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер.

Аудандық "Ұлан таңы" газеті, "Шығыс ақпарат" ЖШС, "РТРК Казахстан" «Altay TV»,  телеарнасы арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ақпараттық сүйемелдеу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша  2023 жылдың басынан - 638 мақала, Ұлан ауданының мерейтойның 95 жылдығына орай  "Ұланым мақтанышым" айдарында 510 мақала жарияланды.

Ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізіліп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне ақпарат жолданады. 2023 жылғы қаңтардан желтоқсан айына дейін осы тақырып бойынша әлеуметтік желіге 26 бейнеролик орналастырылып, газетке 74 мақала, 8 баннер орнатылды.

Аудан аумағында өткізілетін әрбір іс-шараға облыстық «Altay TV» телеаранасына, "Шығыс ақпарат" ЖШС сайтына және жергілікті "Ұлан таңы"газетіне өтінім беріледі.

2024 жылдан бастап Ұлан аудандық «Ulantańy» - «Уланские зори» газеті  «Шығыс ақпарат» ЖШС-нен бөлініп, жекеге  шығу үшін  бірқатар құжаттарды  әзірлеп қойды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде  ИП «Ұлан таңы» болып тіркеліп, арнайы мөрін алды. 2023 жылдың 22 желтоқсанында жаңа атаумен «Ұлан айнасы»  Ұлан аудандық қоғамдық - саяси газеті болып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат» комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінен тіркеуден өтіп, куәлік алды. Өскемен қаласындағы «Басып шығару баспасы «Рекламный дайджест агенттігі» ЖШС – мен келісім шарт жасасты. «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамымен келісім шартқа отырып, арнайы есеп шот ашты.

 

Көрнекі баспа өнімдері

"Дебют" ЖК-мен көрнекі баспа өнімдерін (баннерлер, кермелер, лайтбокстар, фотозоналар, грамоталар, бланк өнімдері және т.б.) дайындауға шарт жасалды. 2023 жылдың 12 айында 237 баннер мен керме, лайтбокс және өзге көрнекі материалдар дайындалып, орналастырылды. (8 млн. тенге.)

 

Дін мәселелері.

Ауданда 13 мұсылман мешіті бар, оның ішінде тұрақты түрде 11 жұмыс атқаруда. Жаңадан 2 мешіт салынуда (Таврия ауылында құрлысы 80 % аяқталған, Тарғын ауылында 12 % салынды). 3 православие шіркеуі және 2 баптисттер шіркеуі тіркелген.

Ауданда 3 православиялық бағыттағы шіркеу (Герасимовка, Таврия, Митрофановка) ауылдарында, және  2 Евангел христиан баптистер шіркеуі (Таврия, Қ.Кайсенов) орналасқан. Бұл ауылдарға тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, керек кезде Өскемен қаласынан христиан бағытындағы дін қызметкерлері келіп тұрады.

 

Қоғамдық келісім орталығы

2014 жылы Таврия ауылының Мәдениет үйі жанынан Қоғамдық келісім орталығы ашылып, әдіскердің 2 штаттық бірлігі бөлінді. Ұлан ауданының Қоғамдық келісім орталығында бес этномәдени бірлестік жұмыс істейді: қазақ, орыс, казак, украин, шешен. 2023 жылы 1 наурызда "Вайнах" жаңа шешен этномәдени бірлестігінің ашылуы ұйымдастырылды. Барлығы 5 этномәдени бірлестік құрамында 65 адам, оның ішінде 25 - 35 жас аралығындағы жастар                    - 13 адам.

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы