«Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Ұлан ауданы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асырады, сонымен қатар тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына (Тұрғын үй қатынастары және т.б), Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» бойынша мемлекеттік қызмет баламасыз болып табылады және «Азаматтар үшін Үкімет» МК арқылы жүзеге асырылады. Қызметті алушымен тікелей байланыс жоқ. Барлық конкурстық рәсімдер Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткізіледі.
Бөлім сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтайды және жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері мен құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Сіз 27159 телефоны бойынша және электрондық пошта ulangkx@mail.ru, ulangkh Instagram парақшасы арқылы хабарласа аласыз.
Бөлім басшысы С. Бустакбаев