Меню

Страницы

Статья

Малдыбаев Оралбек Бейсембаевич

    

Оралбек Малдыбаев (1922-2010 жж. ), Қоғам қайраткері, ҰОС қатысушы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы

1922 жылы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы (қазіргі Көкпекті ауданы), Көкжота ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Семей педтехникумын бітірген. 1941 жылы желтоқсанда өзі сұранып жүріп, Семейде құрылған 151 полк, 8-дивизия, 13 Армияның құрамында Брянск майданына аттанған. 1942 жылы Москва қаласының оңтүстігіндегі Сталиногорск қаласы үшін болған шайқаста десантты танк ротасының құрамында шайқасқан. 1942 жылы 8-тамызда Шляхтичи деревнясын босатуда қатты шайқас болып, Оралбек Бейсембайұлы кеудесінен, иығынан жараланып, Мичуринск қаласындағы госпитальда емделген, үлкен жараға сан етінен ет алып жабыстырған. Соғысқа жарамайтын болған соң, ІІ топтағы мүгедек болып, елге оралған. Осы кезеңнен бастап ардагер бейбыт өмір тіршілігіне араласа бастаған. Самар ауданындағы өзі оқыған Бастаушы орта мектебіне директор етіп жіберген.

1944 жылы Зайсан ауданына Аудандық халықағарту бөлімінің бастығы, аудандық комсомол комитетінде І хатшы болып қызмет істеген. Түсті металлургия жұмысшыларының облыстық кәсіподағын басқарған. Тарбағатай аудандық партия комитетінің І хатшысы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы болды. 1965 жылы Таврия аудандық Партия Комитетінің І хатшысы, осы ауданға кіретін Ұлан аудан болып құрылғанда осы ауданның І хатшысы болып тағайындалды. О.Б.Малдыбаевтың басқаруымен ауданда көптеген құрылыс объектілері бой көтеріп, экономика мен мәдениет саласы дамыды.

Оралбек Бейсембайұлы І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.

20 медалі бар, оның ішінде: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30, 40, 50 жыл, тың жерге 50 жыл, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл т.б. 20 Құрмет белгісі, соның ішіндегі ең қадірлісі – КСРО-ның Отан соғысының құрметті ардагері белгісі.
Құрметті ардагеріміз 2010 жылы дүниеден өтті.

 

Дата публикации
27 февраля 2023
Дата обновления
27 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
"Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2026 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша III тоқсандық есебі
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы.
Ақпарат
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы