ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
2023 жылдың 1қаңтарға еңбек делдалдығы үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер саны – 1456 адам, халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны 183 адам, экономикалық белсенді халық санындағы (20353 адам) жұмыссыздардың үлесі 0,9% құрайды. (Анықтамалық:2022ж.1 қаңтарға - еңбек делдалдығы үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер саны – 1229 адам, халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны 194 адам, экономикалық белсенді халық санындағы (20502 адам) жұмыссыздардың үлесі 0,9 % құрайды).
Ағымдағы жылы жұмысқа орналастыру деңгейі өтініш бергендер санынан 91,9% құрады.
Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жоспарланған:
Ұлттық жобаларды жүзеге асыратын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында Ұлан ауданында 18 жоба бойынша 632 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 172 тұрақты жұмыс орындары, 460 уақытша жұмыс орындары.
Нақты 700 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе 110,8 %, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 570 яғни 331,4%, уақытша 205жұмыс орындары, яғни 44,6% .
2023 жылдың 1 қаңтарына аудан көлемінде 49 бос жұмыс орындары тіркелді. Мамандықтар тапшылығы білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылық саласында байқалады.
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің
есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған тұлғалармен жұмыс атқару:
2023 жылдың 1 қаңтарына қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Ұлан ауданы әкімдігінің комиссиясының төрт отырысы өткізілді.
Комиссиялар мен кездесулер өткізу нәтижесінде ШҚО бойынша ҚАЖД Ұлан ауданының № 1, № 2 пробация қызметі бөлімінің бағыттары бойынша Ұлан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 10 адам жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдірілді, олардың ішінде қоғамдық жұмыстарға қатысты 2 адам, 7 адамтұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3 адам жұмыс орындарының квотасы бойынша, 1 адам есепке қоюға келмеді (өз бетінше жұмысқа орналасты). Сондай-ақ, "Антарес-А" ҚБ әлеуметтік құқықтық көмек алуға жіберілген: психологқа 14 адам, заңгерге 6 адам, жатақханада уақытша тұруға 1 адам. ШҚО-да психологиялық диспансер 1 адам тегін медициналық стационарлық емдеуге жіберілді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды
жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру:
2023 жылдың 1 қаңтарына халықты жұмыспен қамту орталығына 41 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыссыздыққа тіркелу үшін өтініш білдірді. Оның ішінде 24 адам қоғамдық жұмысқа қатысты, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде жұмыс орындары квотасымен 7 адам жұмысқа орналасты, 6 адам грант алды.
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру:
Ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап жұмыспен қамту секторы "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметін ұсынады.
Рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) құқығын береді. 2023 жылдың 1 қаңтарына рұқсат беруге барлығы 235 өтініш қабылданды, оның ішінде 119 рұқсат берілді (Өзбекстан азаматтарына – 111, Тәжікстан азаматтарына – 8), 44 рұқсат ұзартылды (Өзбекстан азаматтарына - 44), 72 еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беруден бас тартылды.
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕРМЕН
ЖҰМЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ұлан ауданында зейнеткерлер саны – 5846 адам, олардың ішінде: ҰОС қатысқан ардагерлер - 1 адам, тыл ардагерлері - 230 адам, оның ішінде соғыс жылдары медальдармен марапатталған адамдар саны – 2.
Мүгедектер саны 1178 адам, оның ішінде мүгедек балалар - 105.
Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
2022 жылы мүгедектерге Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы барлығы 33603,0 мың тенгеге: 20 кресло-арбаша, 119 ортопедиялық құралдар, 36-тифло құралдар,20 - сурдо құралдар, 117 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік қорғау бөлімінде үйде қызмет көрсететін бөлім жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлердің қарамағында 250 адам бар, оның ішінде: 225 жалғыз басты зейнеткерлерге, 11 мүгедектіктері бар, 18 жастан асқан мүгедектігі бар 10 адамға және 4 мүгедектігі бар балаларға үйде қызмет көрсетіледі.
Бүгінгі күні штатқа сай 44 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Аудан бойынша тағы 80 қарт адам әлеуметтік қызметке мұқтаж. Бұл адамдарға мемлекеттік емес ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді.
Қызмет ағымдағы жылдың аяғына дейін көрсетіледі. Жыл басында бұл адамдарға конкурс өткізілгенге дейін қызмет көрсету тоқтатылады.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудандық бюджеттен азаматтардың жекелеген топтарына 1648 адамға 55028,0мың теңге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде:
Мейірімділік айлығын өткізу үшін іс-шара жоспары әзірленіп, оған сәйкес ағымдағы жылдың 10 қазанында Қасым Қайсенов кентінде мүгедектер қарттар күніне арналған мереке кеші өткізілді.
Аталған іс-шараға ардагерлер кеңесінің төрағалары, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар мен 120 адамнан тұратын мүгедектер шақырылды.
2022 жылы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 68 комиссия отырысы өткізілді. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 149 азаматтың сұранысы тіркелді.
Паспорттауға және бейімдеуге жататын аудан бойынша барлық әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымды объектілер109.
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 180 отбасына (894 адам, 555 бала) тағайындалған, оның ішінде:
259 адам еңбекке жарамды, соның ішінде:
36 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар, оның ішінде:
28 отбасына(158 адамға), оның ішінде 18 көп балалы (120 адамға) және 10 аз қамтылған (38 адам) отбасыларға бас тартылды.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған ШАК (шартты ақшалай көмек)алушылардың үлесі 2022 жылға жоспар бойынша 72,2%– ға еңбекке қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан 74,5% - ды құрайды.
2021 жылы біралушығаАӘК орташа мөлшері 6152 теңгені құрайды.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) азық-түлік жиынтығы және тұрмыстық химия құралдарының түріндегі АӘК алушылардың арасынан,АӘК тағайындау кезеңіне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар, аз қамтылған отбасыларғаберіледі.
Ағымдағы жылы 1035азық-түлік жиынтығы (1 жастан 3 жасқа дейін- 657 топтама, 3 жастан 6 жасқа дейін- 854 топтама) және 5221 тұрмыстық химия берілді.
АӘК төлеуге қаражатты игеру:
2022 жылдың 31 желтоқсаға әлеуметтік төлемдерге қаражатты игеру 66003,2 мың теңгені құрады:
Республикалық бюджет 52600,0 мың теңге;
Аудандық бюджет 13403,2 мың теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет12559,3 мың теңге.
Республикалық бюджет 12559,3мың теңге;
Аудандық бюджет 0.
Ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 6 отбасына 1000000 теңгеден тұрғын үй сертификаты берілді барлық сомасы -6000,0мың. теңге.
Тұрғын үй көмегі 222 отбасынажалпы сомасы 6200,0 мың теңге төленді.
18 мүгедек бала үйге оқуға кеткен шығындарын өтеуге 1740,0 мың теңге алды.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы А. Кайролдинов