Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдың 1 наурызына ауданның халық саны – 32 189 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қаңтар-наурыз айында нақты бағада 18 906,1 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 99,6 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 186,3 %, өндіріс өнеркәсібі- 100,6 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 101,9 % құрады.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 099,2 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 10,5 % артты. Тұрғын үйді енгізу 0,4 % өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артты. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 019,4 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 20 535 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 100,7 %-ды) құрады.
8 124,5 тонна (109,5 %) - сүт өндірісі.
525,3 мың дана (130,3 %) - жұмыртқа
2026 жылдың 1 сәуіріне Ірі қара мал саны 4,9 % - өсіп, сиырдың басы 8,3 % артты, қой мен ешкі саны 5 % өсті, шошқаның басы 7,2 % артып, жылқы басы 1,1 % ұлғайды және құс басы 2,9 % азайды.
2026 жылдың қаңтар-желтоқсан айында орташа еңбек ақы мөлшері 372 827 теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 %-ға ұлғайды.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 8,4 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 11,2 % артты.