Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг нәтижелері туралы ақпарат
2025 жылы Ұлан ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 1045 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 1045 қызмет, заңды тұлғаларға – 0.
Ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны – 377, оның ішінде:
– қызмет алушымен тікелей байланыссыз – 195 қызмет,
– қызмет алушымен тікелей байланыс арқылы – 186 қызмет.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 623.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар туралы ақпарат (себептері мен қабылданған шараларымен)
2025 жылы 268 негізделген бас тарту тіркелді (оның ішінде 268 – жеке тұлғаларға, 0 – заңды тұлғаларға), оның ішінде:
– электрондық түрде – 268,
– қағаз түрінде – 0.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар туралы ақпарат
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырған тұлғалар туралы ақпарат
2025 жылы 2 қызметкер «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бөлім ғимаратындағы стендтерде, сондай-ақ бөлімнің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмыстар жалғасатын болады.